26.01.2026 12:04 • 192 просмотров
Халықаралық қоғаммен байланыс қауымдастығы (IPRA) және Қазақстандағы PR
және медиа саласының кәсіби мамандары қауымдастығы (APRM) стратегиялық
әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім қазақстандық коммуникация және қоғаммен байланыс саласының
мамандарына арналған кәсіби стандарттарды, этикалық нормаларды дамытуға және
халықаралық интеграцияны ілгерілетуге бағытталған. Келісім шеңберінде APRM
ресми түрде IPRA-ның ұлттық әріптесі мәртебесін алып, қауымдастық туралы
ақпарат IPRA-ның ресми сайтында жарияланады. Сондай-ақ APRM IPRA әріптесі
мәртебесін пайдалану құқығын иеленеді.
Аталған әріптестік аясында APRM мүшелеріне келесі мүмкіндіктер
ұсынылады:
·
IPRA-ның сараптамалық және аналитикалық материалдарына (Thought Leadership Essays)
қол жеткізу;
·
IPRA Президентінің ай сайынғы
үндеулерін алу;
·
Golden World Awards for
Excellence in PR сыйлығының алдыңғы жылғы жеңімпаздарына арналған шолуларды тегін пайдалану;
·
Аталған сыйлыққа кез келген уақытта
жеңілдетілген (early-bird) тарифпен қатысу;
·
IPRA ұйымына Pro Membership деңгейінде стандартты бағамен мүшелікке өту;
·
Халықаралық кәсіби бастамаларға,
іс-шараларға және сараптамалық алмасуларға қатысу.
APRM төрайымы Ақерке Берлібай бұл әріптестікті Қазақстандағы PR саласын
дамытудағы маңызды қадам ретінде атап өтті:
«IPRA-мен ынтымақтастық — бұл APRM мен
Қазақстандағы кәсіби PR-қоғамдастықтың дамуындағы маңызды кезең. Бұл
серіктестік біздің мүшелеріміз үшін халықаралық үздік тәжірибелерге, этикалық
стандарттарға және жаһандық деңгейдегі кәсіби диалогқа қол жеткізуге жаңа
мүмкіндіктер ашады. Біз IPRA-мен әріптестік PR кәсібін нығайтуға,
коммуникацияларға деген сенімді арттыруға және қазақстандық PR-мамандарды
халықаралық кәсіби қауымдастыққа интеграциялауға ықпал етеді деп сенеміз».
Осы орайда IPRA президенті Эстер Кобба да
әріптестікке қатысты пікір білдірді:
«APRM
қауымдастығының IPRA отбасының қатарына қосылуын
қуана қарсы аламын. Бүкіл әлемдегі кәсіби мамандардың бірігуі қоғаммен байланыс
саласының дамуына және кәсіби деңгейінің артуына ықпал етіп қана қоймай, елдер
арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға да септігін тигізеді».
Бұл
әріптестік APRM-нің PR және
медиа саласында этиканы, кәсібилікті дамыту және үздік халықаралық
тәжірибелерді енгізу жөніндегі миссиясына, сондай-ақ коммуникациялар саласында
сенім мен этикалық стандарттарды нығайтуға бағытталған IPRA-ның жаһандық
миссиясына толық сәйкес келеді.
Екі ұйым да
бұл ынтымақтастықты халықаралық тәжірибе алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ
Қазақстанда кәсіби, бәсекеге қабілетті және жаһандық деңгейде интеграцияланған
PR-қоғамдастықты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырады.