16.10.2025 14:39 • 121 просмотров
АСТАНА – PR және медиа саласының кәсіби мамандары қауымдастығы (APRM) салалық комитеттердің жұмысына қатысу және олардың төрағаларын сайлау үдерісінің басталғанын хабарлайды.
Комитеттердің қызметі ел бойынша Қауымдастықтың кәсіби дамуына, салалық стандарттар мен этикалық нормаларды қалыптастыруға, сондай-ақ зерттеулер жүргізуге негіз қалайды. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша өткен жалпы жиналыста APRM құрамында бес салалық комитет құрылды:
1. Этика және өзін-өзі реттеу комитеті;
2. Кәсіби құзыреттер және стандарттар комитеті;
3. Коммуникацияларды зерттеу мен талдау комитеті;
4. PR мамандығының мәртебесі мен беделі жөніндегі комитет;
5. Медиа және қоғаммен өзара іс-қимыл комитеті.
Әрбір комитеттің миссиясы және міндеттері APRM-нің сайтында толық жазылған.
Төраға міндеті – комитет жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, міндеттердің үйлестірілуін бақылау және комитеттің ресми өкілі болу. Төраға өкілеттігінің мерзімі – 1 жыл.
Комитеттер жұмысына қатысу үшін үміткерлерге сілтеме арқылы өтіп, әрі қарай:
* Қызығушылық танытқан бір комитетті таңдау;
* Қалауы бойынша сол комитеттің төрағалығына өз кандидатурасын ұсыну қажет.
Дауыс беру нәтижелері мен комитеттердің толық құрамы қосымша жарияланатын болады.
*Анықтама:
APRM – 2025 жылдың көктемінде құрылған қоғамдық бірлестік. Қазіргі таңда қауымдастық құрамында 248 мүше бар. Қауымдастыққа қосылуға өтінім беру aprm.kz сайтында қолжетімді.
Байланыс:
Электрондық пошта: info@aprm.kz
Сайт: aprm.kz
Телефон: +7 775 463 9076